Accessibility links

Медведев Британияның жаңа премьерін құттықтады


Ресей президенті Дмитрий Медведев телефон арқылы Британияның жаңа премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен сөйлесіп, Мәскеу мен Лондон арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту жолында жұмыс істеуге келісті. Кремлдің мәліметінше, Медведев Кэмеронды жаңа қызметімен құттықтап, оған табыстар тілеген.

Ресей мен Британия қарым-қатынастары 2006 жылы Лондонда Ресейдің бұрынғы қауіпсіздік қызметкері әрі Кремлдің сыншысы Александр Литвиненконың жұмбақ жағдайда қаза болуына байланысты шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG