Accessibility links

Қырғызстандағы жағдай тынышталды


Сенбі күні Қырғызстан қалаларындағы жағдай тынышталды. Елдің уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева зорлық-зомбылыққа жауапты болғандар жазаланады деп мәлімдеді. «Халыққа қарсы шыққандарды және адамдарға оқ атқандарды міндетті түрде жауапқа тартамыз», - деді Отунбаева.

Соңғы күндері елдің оңтүстігінде уақытша биліктің қолдаушылары мен биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары арасындағы қақтығыстан бір адам қаза тауып, кемінде 60 адам жарақал алған болатын. Уақытша билік орындары Жалалабад пен Оштағы және Баткендегі үкімет ғимараттарын өз бақылауына қайтарып алған соң, БҰҰ, Еуропа Одағы, АҚШ және Ресей қырғыз халқын тыныштыққа шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG