Accessibility links

Бразилия президенті дипломатиялық мақсатпен Иранға барды


Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва Иран жетекшілерімен келіссөз өткізу үшін бүгін Техранға барды. Бразилия президенті Иранды оның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтарды жоюға бағытталған ядролық отынды айырбастау жөніндегі келісімді қабылдауға көндіріп көрмекші. Бразилия басшысының осы мақсатқа қол жеткізуі үшін 30 пайыз мүмкіндігі бар деп атап көрсетті Ресей президенті Дмитрий Медведев.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG