Accessibility links

Әзірбайжанда оппозиция белсенділері тұтқындалды


Әзірбайжан полициясы оппозицияның ондаған белсендісін тұтқындады. Оппозициялық белсенділер адамдардың басқосу еркіндігі мен әділ сайлауларды талап етіп, шеру ұйымдастырған болатын. Билік орындары бұл шараға ресми түрде рұқсат берілмеді деп, Бакудегі наразылық танытушыларды таратты.

Әзірбайжанда күзде парламенттік сайлаулар өтеді. Құқық қорғаушы ұйымдар Әзірбайжан үкіметін тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен оппозициялық топтарға қысым көрсетеді деп, биліктің бұл әрекеттерін жиі сынайды. Халықаралық бақылаушылар елде бұдан бұрын өткен сайлауларды әділ өтпеді деп айыптаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG