Accessibility links

Таиландта наразылық шарасы жалғасып жатыр


Таиланд астанасы Бангкокта мыңдаған наразылық танытушылар шерулерін жалғастырып, премьер-министр Абхисит Ветчатчиваның қызметінен кетуін талап етіп жатыр. Соңғы күндерде болған қақтығыста 24 адам қаза тапты.

Сенбі күні үкімет күштері мен шерушілер арасындағы қақтығыстан соң премьер-министр Ветчатчива ел астанасында коменданттық тәртіп орнатуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Наразылық танытушылардың айтуынша, Ветчатчиваның коалициялық үкіметі билікке заңсыз келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG