Accessibility links

Ирақтағы исламшыл бүлікшілердің тобы жаңа басшыны тағайындады


"Ирақ ислам мемлекеті" мен Ирақтағы "Әл-Қаиданы" қамтитын суннит бүлікшілерінің ұйымы интернетте өздерінің жаңа жетекшісі Абу Бакр әл-Багдади әл-Хуссейни әл-Қураши жөнінде ақпарат жариялады. Аталған топтың бұрынғы басшысы Абу Омар әл-Багдади мен "Әл-Қаиданың" Ирақтағы жетекшісі Абу Аюб әл-Мисриді АҚШ пен Ирақ күштері сәуір айында өлтірген болатын.

Интернетте жарияланған ақпаратқа сәйкес, Абу Абдулла әл-Хассани әл-Қураши "Ирақ ислам мемлекеті" жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG