Accessibility links

Теһран ядролық отынды айырбастауға келісті


Бразилия мен Түркия жетекшілерінің арағайындық келіссөздерінен кейін Иран ядролық отынды айырбастау туралы келісімді мақұлдауға келісті. Иран Теһрандағы зерттеу реакторын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін өзіндегі аз байытылған уранның 1 200 килограмын Түркияға жіберуге келісті. Ядролық отынды айырбастау келісімі туралы егжей-тегжейлі мәлімет әзірше берілмеді. Бұл келісімге Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва мен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен өткізген келіссөздері барысында қол жеткізілді.

Ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытып жатқанын мәлімдеген Иран өткен жылы БҰҰ-ның қолдауымен жасалған келісім жобасын қабылдамаған болатын.

АҚШ уран байытуын тоқтатпаған Иранға қосымша халықаралық санкциялардың енгізілуін көздеп келген еді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG