Accessibility links

Таиланд билігінің шерушілерге берген соңғы мерзімі аяқталды


Таиланд үкіметі Бангкоктағы наразылық танытушылардан мамырдың 17-сіне дейін шерулерін тоқтатуды талап еткен болатын. Биліктің соңғы мерзімі аяқталды.

Сәрсенбіден бері Таиланд астанасындағы зорлық-зомбылықтан кемінде 36 адам қаза тапты. "Қызыл жейделілердің" жаппай наразылық шарасы наурыз айында басталған болатын. Дүйсенбі күні олардың генералы Хаттия Сауасдипол жарақаттан қаза болды.

Жексенбі күні наразылық танытушылардың жетекшілері Біріккен Ұлттар Ұйымына хабарласып, "үкіметпен келіссөздер өткізіңдер" деген болатын. Бірақ Таиланд билігі шетелдік ресми өкілдер мен ұйымдарды ішкі істеріне араласпауға шақырды.
XS
SM
MD
LG