Accessibility links

Ауғанстанда ұшақ апатқа ұшырады


Pamir Airways компаниясының ұшағы Кабулдың солтүстігіндегі Хинду Куш тауларына құлады. Бортында 38 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған еді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Земарай Бешаридің хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Кундуз өлкесінен Кабулға аттанған ұшақ Саланг шатқалында апатқа ұшыраған.

Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірше келіп түспеді. Халықаралық күштер ұшақты іздеуге көмектесіп жатыр.
XS
SM
MD
LG