Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Митхун, сен қазір киноға түспейтін болып кеттің ғой. Бұрын бізде телевизордан сені көп көрсетуші еді, қазір сенің орныңа «Нұр-отанды» ғана көрсетеді. Көмектесші!

Митхунға сұрақ. Алматыдан

(«Алтын бұзау» немесе Қасиетті сиыр» деген жазбаға орай айтылған пікір)

ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Біздің оппозиция мешел бала сияқты. Билікті батыс қолына алып беретін сияқты, соларға қарап жылайды да отырады.

Сұңқар, Астанадан

(«АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты Вашингтонның бүкіл әлемге ұсынып отырған құндылықтарына сай келе ме?» деген мақалаға орай жазылған пікір)

ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ей, жігіттер, қазақпен қоштаспа, анау-мынау деп... неңді алған сенің қытаймен шендескен! Ендігі заман солардікі. Орыс та жерін беріп құтылды өткенде. Ол жақтағы қазақтың күні құрсын. Қазақтан гөрі қытай болғанды ұнатты ма, бітті. Енді оларға тоқтау жоқ. Оның үстіне оларды көшіріп алу туралы үлкен бағдарлама да жасалмай қойды. Оралмандар бағдарламасынан бөлек, «Қытай қазақтарын көшіріп алу» деген арнайы ұлттық бағдарлама керек. Бірақ, ол Мәсімов отырғанда жасалмайды. Егер олар қытай болып кетсе, обалы қазіргі қазақ билігінде. Жемқор, ойсыз, обыр, болашаққа көз салмайтын қазіргі билікте.

Кенекең, Алматыдан

(«Миллиардтан алған бір әсер» деген жазбаға орай айтылған пікір)
XS
SM
MD
LG