Accessibility links

Михаил Ходорковский мерзімсіз аштық жариялады


ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский мерзімсіз аштық акциясын бастады. Бұл туралы Азаттық радиосының эфирінде Ходорковскийдің адвокаты Елена Лукьянова хабарлады.

ЮКОС-тың бұрынғы жетекшісі қамау мерзімін ұзарту туралы шешімнің қабылдануын заңсыз деп есептейді. Лукьянованың айтуынша, қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңа нұсқасы экономикалық қылмыстар туралы бірқатар баптар мұндай іс-шараның қабылдануына тыйым салады.

Ходорковскийдің пікірінше, заңға өзгертулер Ресей президенті Дмитрий Медведевтің бастамасымен енгізілді. Ол қалыптасқан жағдайдан президент құлағдар болғандығына көзі жеткенге дейін аштықты жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.

Михаил Ходорковский және оның ЮКОС-тағы әріптесі Платон Лебедев қаржы қылмыстары үшін 8 жылға сотталды. Енді оларға мұнай ұрлаған және ақша жымқырған деген жаңа айыптар тағылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG