Accessibility links

Қырғызстанда Ноокат оқиғасы бойынша қамалғандар босатылды


2009 жылдың басында “Ноокат ісі ” бойынша сотталған азаматтар уақытша үкіметтің жариялаған рақымшылығының арқасында босатылды. Бұл туралы Азаттыққа "Азаматтар жемқорлыққа қарсы" құқық қорғау орталығының жетекшісі Толекан Исмаилова хабарлады. Оның айтуынша, бірқатар құқық қорғаушы ұйымдар сотталғандарды толығымен ақтап шығуды көздеп отыр.

Бұл іс бойынша сотталған 32 адам 9-дан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді.

Олар 2008 жылдың 1 қазанда - Ораза айт мерекесі күні Ноокат алаңында митинг ұйымдастырған. Шараны тоқтатуды талап еткен билікке қарсы тас атылып, бірнеше милиция қызметкері жараланған.

Билік өз әрекетін "зайырлы мемлекет ұстанымына қарсы бағытталған "Хизб-ут-Тахрир" партиясының іс-әрекеті" деп бағалаған еді.
XS
SM
MD
LG