Accessibility links

Еуроаумақ басшысы: Еуро сенімді валюта


Еуроны пайдаланатын 16 елдің қаржы бойынша басшысының мәлімдеуінше, еуро "сенімді валюта" болып қалады. Еуроаумақ қаржы министрлері кеңесінің жетекшісі Жан-Клод Юнкер бұл туралы дүйсенбі күні еуро АҚШ долларымен салыстырғанда соңғы 4 жылдағы өзінің ең төменгі деңгейіне түскен соң хабарлады. Еуроаумақтағы қаржы дағдарысы ғаламдық экономикаға теріс әсер етеді деген алаңдаушылықтар айтылып жатыр.

Басқа да хабарларға қарағанда, қарызға батқан Грекияға бүгін Еуропа елдері мен Халықаралық валюта қорынан бөлінетін 80 миллиард еуроның алғашқы бөлігі беріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG