Accessibility links

Кабулдағы шабуылды "Талибан" жүзеге асырған


Ауған үкіметінің мәліметінше, Кабулдағы жанкештілік шабуылдан кемінде 12 адам қаза тауып, 47 адам жараланған. Сейсенбі күні таңертең Ауғанстан астанасындағы қоғамдық көлік жанында бір жанкешті кісі машинасын жарып жіберген болатын. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың көбі автобустың ішіндегі адамдар болған.

Кабул полициясы басшысының орынбасары Мохаммад Халил Дастярдың айтуынша, жарылыстан қаза болғандардың арасында АҚШ азаматтары бар. Үкімет ғимараттарына жақын жерде болған шабуыл НАТО көлігіне бағытталған делінеді.

Кабулдағы жарылысқа байланысты жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы өз мойнына алып отыр. "Талибан" баспасөз хатшысы Забинулла Мужахедтің хабарлауынша, жанкештінің көлігінде 750 килограмм жарылғыш заттар болған.
XS
SM
MD
LG