Accessibility links

Франция Иранның қуғындағы экс-премьерін өлтірген азаматты босатты


Франция соты қуғындағы Иран экс-премьерін өлтірген азаматты босатты. Ал осыдан екі күн бұрын Иран "тыңшылық жасады" деп айыптаған француз мұғалімін азат еткен болатын.

Әли Вакили Рад 1991 жылы Парижде Шахтың соңғы премьер-министрі Шапур Бахтиярды өлтіргені үшін өмірлік жазасын өтеп жатқан еді. Бахтияр 1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейін Ираннан қашып кеткен.

Франция соты соңғы екі аптаның ішінде осымен екінші ирандық азаматты босатып отыр. Осыған қарағанда Теһран мен Париж арасында француз мұғалімі Клотильде Рейстің азат етілуіне қатысты келісім болған деген қауесеттер шыға бастады. Иран мен Франция мұны жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG