Accessibility links

10 жылға сотталған Абылай Сабдалин аппеляциялық шағым берді


Қазақстанның 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин аппеляциялық шағым берді. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мамырдың 7-сі күні Абылай Сабдалинге қатысты қылмыстық іс аяқталып, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы вице-министрді 10 жыл қатаң режимдегі абақтыға қамау туралы шешім шығарды.

- Сот Абылай Сабдалинді Қазақстан қылмыстық кодексінің 312-бабы (пара беру) және 307-бабы (қызмет бабын асыра пайдаланған) бойынша айыпты деп тауып, мүлкін тәркілеп, 10 жылға қатаң тәртіптегі абақтыда бас бостандығынан айырып, 7 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынын айыру жазасын тағайындады, - деді Астанадағы сотта төрелік еткен судья Ерлан Ермеков.

Судья шешім шығару барысында Сабдалиннің бұрын-соңды сотталмағанын, жас балалары бар екендігін ескергендігін айтты. Алайда Сабдалиннің жақтастары бұл істің әділдігіне күмән келтіреді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG