Accessibility links

“7 апрель” қозғалысы қазақ президентіне жазған хаттың жауабын талап етпек


Бүгін “7 апрель” қозғалысы Бішкекте, Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек. Осы қозғалыс жетекшісі Өндүрүш Токтонасыровтың Азаттыққа хабарлауынша, олар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатына жауап талап етпек.

“7 апрель” қозғалысы сәуірдің 29-ы күні Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдына келіп, қазақ президентінің Қырғызстанда сәуірде болған оқиғаларды "қарақшылық" деп бағалағанына наразылық танытып, хат жазған еді.

– Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаев сол сөзі үшін қырғыз халқынан кешірім сұрасын. Екінші талабымыз, сол 7 сәуірдегі қайғылы оқиғаға қатысы бар, біздің тұспалымыз бойынша, Қазақстанға қашып кеткен бұрынғы премьер-министр Данияр Үсенов сияқты басқа да бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерді ұстап берсін. Үшіншіден, екі ел арасындағы шекараны ашсын, себебі қазақ-қырғыз шекарасын жабуға еш негіз жоқ. Бізде қазір жағдай тұрақты, – деді Азаттық радиосымен тілдескен Өндүрүш Тоқтонасыров.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG