Accessibility links

Қырғыз азаматтары өзбектердің басшысын қамауға алуды талап етті


Мыңдаған этникалық қырғыздар елдің оңтүстігіндегі Жалал-Абад қаласында шеруге шығып, жергілікті өзбек жетекшісінің қамауға алынуын талап етті.

Өткен аптада Жалал-Абадта биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің қолдаушылары мен уақытша үкіметтің жақтастары екі күн қатарынан қақтығысты. Кемінде 2 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Этникалық қырғыз наразылық танытушылары жергілікті өзбектердің жетекшісі Қадыржан Батыровты елдің оңтүстігінде өзбек автономиялық ауданын құруға шақыру арқылы ұлттар арасындағы шиеленісті жағдайды туғызды деп айыптады.

Батыров соңғы толқулар барысында уақытша үкіметті қолдаған болатын. Жалал-Абадта негізінен Бакиевтің жақтастары тұрады.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG