Accessibility links

Қырғызстан: Уақытша үкімет өкілдерінің миллион доллардың ізін жасыру туралы әңгімелері интернетке шықты


Қырғызстанның уақытша үкіметі жетекшісінің орынбасарлары Темир Сариев пен Азимбек Бекназаровтың арасында болған, бір миллион доллардың ізін жасыру туралы өзара әңгімелері www.youtube.com-де жарияланды. Бұл жайтқа қатысты екеуінен де түсініктеме алу мүмкін болды.

Сариевтің көмекшісінің Азаттыққа берген жауабында бүгін уақытша үкіметтің жиыны болатыны, сонда бұл мәселенің сөз болуы мүмкін екені айтылды.

Ал уақытша үкіметтің аппарат жетекшісі Эдил Байсаловтың пікірінше, бұл телефон әңгімесі монтаж болуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG