Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасы ашылды


Бүгін Қазақстан көрші Қырғызстанмен арадағы шекарасын қайта ашты.

Қазақ-қырғыз шекарасы сәуір айының басында Қырғызстанда президент Құрманбек Бакиевті биліктен қуған халық толқуы басталғанда жабылған болатын.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, Қырғызстанның күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалын ескере отырып және туыс ел азаматтарының жаппай өтінішіне байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаев шекараны ашу туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге мәлімдемеде шекара күзетінің күшейтілгені айтылады.
XS
SM
MD
LG