Accessibility links

АҚШ "Иранды жазалау керек" деген райынан қайтпайды


АҚШ президенті Барак Обама Түркияның премьер-министрі Режеп Ердоғанмен арадағы телефон әңгімесі кезінде Вашингтонның Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдануын талап ете беретінін мәлімдеді.

Оның алдында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері - Түркия мен Бразилия "Теһранға қарсы жаңа санкциялар қабылдауды кейінге қалдыру қажет" деп мәлімдеген болатын.

Бразилия мен Түркия түрік жерінде Иранмен арада оның ядролық энергетикасына қажетті отынмен алмасу туралы келісімге келісімен, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі және Германия жаңа санкциялар туралы қарардың жобасын ұсынды.

АҚШ пен оның одақтастары бұл келісімді жеткіліксіз деп санайды, өйткені бұл келісім, Батыстың пікірінше, Иранға ядролық қару жасап алуына мүмкіндік беретін ядролық бағдарламасын тоқтатуды қарастырмайды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG