Accessibility links

Түркияда шахтадан 28 кеншінің мәйіті табылды


Түркияның солтүстігіндегі көмір шахтасында құтқару жұмыстарының барысында 28 кеншінің мәйіті табылды. Дүйсенбі күні осы шахтада жарылыс болған еді.

Тағы екі кеншінің тағдыры беймәлім. Бірақ билік оларды тірі табудың екіталай екенін мойындайды.

Зонгулдак көмір кенішіндегі жарылыстың себептері әзірше толық анықталған жоқ. Жорамал бойынша, жарылыс электр жабдығының істен шығуынан пайда болуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG