Accessibility links

Пәкістанда YouTube пен Facebook сайттары жабылды


Пәкістан үкіметі «ар-намысты қорлайтын» бейнероликтер қойылды деп мәлімдеп, жұрт көп көретін YouTube Интернет-сайтына бөгет қойды.

Одан бір күн бұрын пәкістандық оқырмандардың әлеуметтік Facebook желісін ашуына тосқауыл қойылған болатын.

Оған осы желіде Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін карикатураларды жариялаған топтың пайда болуы себеп болды.

Сарапшылардың есебі бойынша, Пәкістандағы интернетке қолы жететіндердің 25 пайызы YouTube пен Facebook сайттарын ашып қарайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG