Accessibility links

Иран: америкалық 3 тұтқын аналарымен кездесті


Иран түрмесінде отырған үш америкалық азаматқа бейсенбі күні аналарымен жүздесуіне рұқсат берілді.

Иранның мемлекеттік телеарнасы 3 тұтқынның аналарымен кездескен сәтін көрсетті. Олардың аналары Теһранға бір күн бұрын келіп жеткен болатын.

Тұтқындар студент жастар - 2 ер бала мен 1 бойжеткен көрінеді. Оларға ресми айып тағылмаса да, тыңшылық жасады деген күдік түсіп отыр. Үш студент өткен жылдың шілдесінде Иранның Ирақтағы Күрд автономиялы ауданымен арадағы шекарасында ұсталды.

Америкалық студенттер тыңшылық етті деген күдікті теріске шығарып, шекарадан адасып өткендерін мәлімдейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG