Accessibility links

Афиныда тағы да жаппай ереуіл өтіп жатыр


Бүгін Грекияда бюджет шығындарын қысқарту мен зейнетке шығатын жасты көтеруге қарсы 24 сағаттық жаппай ереуіл өтіп жатыр.

Бюджет саласына қарайтын мекемелердің, оның ішінде мектептердің көпшілігі жабылды. Қоғамдық көліктің қозғалысы да айтарлықтай бұзылды. Афины қаласында наразылық шеруі өтеді.

5 мамырда болып өткен жаппай ереуілдің барысында 3 адам зорлықтың құрбаны болды.
Грекия өте ауыр қаржы дағдарысын кешу үстінде және бұл дағдарыс ЕуроОдақтың ортақ валютасы – еуроның тұрақтылығына қатер төндіріп тұр.

Халықаралық қаржы көмегін алу үшін Грекия үкіметі мемлекеттің шығындарын күрт қысқартуға міндеттенді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG