Accessibility links

Парижде 0,5 млрд. доллардың туындылары ұрланды


Париждегі қазіргі заман өнерінің мұражайынан ХХ ғасырдың әйгілі суретшілерінің 5 туындысы ұрланды.

Полицияның мәліметі бойынша, бейсенбі күні таңертең Пабло Пикассоның, Анри Матисстің, Амадео Модильянидің, Фернан Леженің және Жорож Брактің туындылары жоғалғаны мәлім болды.

Хабарға қарағанда, ұрланған 5 суреттің нарықтық бағасы шамамен 500 миллион долларға тең.
XS
SM
MD
LG