Accessibility links

«Азат» партиясы биліктің кедергі жасап отырғанын мәлімдейді


Қазақстандағы оппозициялық партия билік өзінің кездесулеріне бөгет жасап отыр деп мәлімдейді.

Жалпыхалықтық социал-демократиялық «Азат» партиясы 20 мамыр күні Теміртау қаласының тұрғындарымен жергілікті кафеде кездесу өткізуді жоспарлаған. Партияның тең төрағасының бірі Болат Әбіловпен, қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров және Совет Одағының батыры, ауған соғысының ардагері Николай Кременишпен кездесуге келген 250-ден астам тұрғын кафеге кіре алмай, жаңбырдың астында қалған.

Кафенің қожайыны «жоғарыдан телефон соғылды» деп, 2 апта бұрынғы келісім-шартқа қарамастан кафесіне жібермей қойыпты. «Азат» өкілдері бейресми арналардан кафеге Ақордадан телефон соғылғанын анықтаған.

«Азат» партиясы жергілікті уақыт бойынша кешкі 18.00-де Қарқаралы қаласында да өтуге тиісті кездесудің де болмай қалуы мүмкін деп дабыл қағады.

Бұл туралы «Азат» партиясының баспасөз-қызметі хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG