Accessibility links

Қырғызстанда сәуір оқиғаларын зерттеу комиссиясы құрылады


Қырғызстанның уақытша үкіметі 6-7 сәуірдегі оқиғаларды зерттейтін мемлекеттік комиссия құру туралы шешімге келге. Комиссияның басшысы болып уақытша үкіметтің мүшесі Абдыганы Эркебаев тағайындалды.

Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, саясаткерлер, сәуір оқиғалары барысында қаза болған азаматтардың туған-туыстары кіреді.

Сәуірдегі халық толқулары кезінде 80 адам қаза болып, 1000-нан астам адам жараланды.
XS
SM
MD
LG