Accessibility links

Первез Мушарраф Пәкістанға оралуы мүмкін екендігін мәлімдеді


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф болашақта елге оралып, саясатпен қайта араласуы мүмкін екендігін жариялады.

Бейсенбі күні CNN телеарнасына берген сұхбатында Мушарраф нақты қандай қызметпен шұғылданатындығын ашып айтпады, бірақ ол: «Менің президенттікке немесе премьер-министрлікке таласу-таласпауым кейін белгілі болады», деп мәлімдеді. Бұған қоса, ол Лондон қаласына тұрақтағандығын айтып өтті.

2008 жылы елден кетуге мәжбүр болған Мушарраф осы аптада АҚШ-қа сапармен барған болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG