Accessibility links

Түркия Ирақтағы күрдттерге шабуыл жасауда


Түркияның әскери-әуе күштері Ирақтың солтүстігіндегі күрд сепаратистерінің оншақты базасына зымыранмен шабуыл жасап жатыр.

Шабуылдың мақсаты - Түркияның шекарасына бет алған Зар және Хакурк аймақтарындағы күрд әскери топтарының көзін жою.

Түрік әскерлерінің күрд сепаратистеріне шабуылы 2008 жылдың желтоқсанынан - сепаратистермен байланысы бар деген айыппен Түркиядағы жалғыз күрд саяси партиясының жабылғанынан бастап жиілеп кетті.

Күрд жұмысшы партиясының сепаратистері 1984 жылдан бері күрдттердің егеменді ел болуы үшін күресіп келеді. Сол кезден бері шамамен 45 мыңға жуық адам қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG