Accessibility links

Х.Клинтон: кеменің апаты үшін Пхеньян жауап беруге тиіс


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Жапонияға сапары барысында Оңтүстік Кореяның соғыс кемесі мен 46 теңізшінің қазасына Солтүстік Корея жауапқа тартылуға тиіс деп мәлімдеді.

Хиллари ханым Токиоға 26 наурызда Сары теңізде болған оқиғаны тергеудің нәтижесі жарияланған күннің ертеңіне сапармен келді. Құжатта соғыс кемесі Солтүстік Кореяның зымыраны тиген соң су түбіне кетті деген қорытынды жасалған.

Коммунистік Солтүстік Корея кеменің апатына қатысы жоқтығын мәлімдеп, өзіне санкция қолданылған жағдайда толыққанды соғыс қимылдарын бастайтынын ескертті.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG