Accessibility links

Ауғанстанда ұшақтың құлаған жері табылды


Ауғанстанның солтүстігіндегі таудан Кундуз қаласынан Кабулға қатынайтын ұшақтың құлаған жері аңғарылды. Ауған әуе жолдарына жататын ұшақ дүйсенбі күні апатқа ұшыраған болатын.

Хабарға қарағанда, ұшақ таудың теңіз деңгейінен 4 мың метрден биік ит мұрыны батпайтын ауданына құлаған көрінеді. Ол жерді әуеден бақылаған кезде ұшақта болған кісілердің ең болмаса бірі тірі қалғаны байқалмады.

Ұшақта 44 кісі, оның ішінде 6 шетелдік азамат болған.
XS
SM
MD
LG