Accessibility links

Пәкістан: тәліптер екі адамды жарып өлтірді


Пәкістанның солтүстік-батысында тәліптер жергілікті екі тұрғынды «америкалық жансыздар» деген айыппен жұрттың көзінше өлтірді.

Көзі көргендерге сілтеме жасаған «Рефтер» агенттігі хабарлағандай, тәліптер ол екі адамның денелеріне жарылғыш байлап, ондаған адамның көзінше жарып жіберді.

Тәліптер мәлімдегендей, адамсыз ұшатын соғыс ұшақтарының әуеден соққы беруі үшін осы екі тұрғын америкалық әскерилерге нысаналар туралы мәлімет беріп тұрған көрінеді.
XS
SM
MD
LG