Accessibility links

ВР концерні АҚШ үкіметі таққан айыпты теріске шығарды


British Petroleum (BP) компаниясы АҚШ үкіметінің "Мексика шығанағындағы мұнай ұңғысынан төгіліп шашылған шикізаттың көлемін жасырдың" деген айыбын теріске шығарды.

20 сәуірде болған жарылыстың ізінше жарияланған бастапқы есеп бойынша, мұнай ұңғысынан шығанақ суына тәулігіне 5 мың баррельдей шикізат төгілген.

Бірақ көп ұзамай ВР концерні мұнайдың одан әлдеқайда мол төгілуі мүмкін екенін мойындады. Оның өзінде де компанияның өкілдері келтірілген мәліметтердің тек шамаланған мөлшері екенін ескертті.

Шығанақ суының бетінде қалқыған мұнайды танкерлерге қайта өңгеріп жатқан кезде мұхит түбінде айтарлық көп шикізаттың шөгіп жатқаны туралы хабар шықты.
XS
SM
MD
LG