Accessibility links

Кеден одағын құру туралы келіссөздер сәтсіз болды


Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бірлескен кеден одағын құру туралы келісім жасай алмады. Ресей премьер-министрі Владимир Путин Санкт-Петербургта жиналған үш елдің жетекшілері барлық мәселелер бойынша келісімге келе алмады деп атап көрсетті. Путиннің мәлімдеуінше, көлік және авиация өнеркәсіптеріндегі міндеттемелер бірлескен кеден одақ құру келіссөздеріне кедергі болып жатыр. Алайда бұл келіссөздер одан әрі жалғасады деді Путин.

Беларусь премьер-министрі Сергей Сидорскидің атап көрсетуінше, мұнай саласындағы мәселелер де келіссөздердің сәтті болуына кедергі жасауда.

Осы жылдың басында Мәскеу мен Астана және Минск сауда мен инвестицияны дамыту үшін бірлескен кеден одағын құруға келіскен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG