Accessibility links

АҚШ Ресей компанияларына енгізген санкцияларын жойды


Обама әкімшілігі үш ресейлік ұйымға енгізілген санкцияларды алып тастады. Вашингтон Химиялық технология жөніндегі Дмитрий Менделеев университеті мен Мәскеу авиация институтын және қару сататын мемлекеттік "Рособоронэкспорт" ұйымын Иранның ядролық қару жасауына көмектесіп жатыр деп айыптаған болатын.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Филип Кроулидің мәлімдеуінше, Ресей Теһранмен арадағы қару саудасы келісіміне байланысты ұстамдылық танытқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG