Accessibility links

Ирақтағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты


Ирақтың солтүстігіндегі Дияла өлкесінде көлік жарылып, кемінде 22 адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, жұма күні кешке Халис қаласындағы базарда болған жарылыстан 50-ден астам адам жарақат алған.

Наурыздың аяғында Халистегі екі бомба жарылысынан 40-тан аса адам мерт болған еді.

Ирақта парламенттік сайлаулардың қорытындысына қатысты келіссөздер жалғасып жатыр. Сайлауда ешбір партия үкіметті құруға қажетті болған дауыстарды жинай алмаған болатын.
XS
SM
MD
LG