Accessibility links

БҰҰ басшысы таяудағы келісім Иран мәселесін шешеді деп үміттенеді


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Иранның ядролық отынды айырбастау келісімі Теһран мен Батыс елдері арасындағы шиеленісті жағдайға нүкте қояды деп үміттенеді. Осы аптаның басында Бразилия мен Түркияның арағайындығымен жасалған келісімге сәйкес, Иран Теһрандағы зерттеу реакторын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін өзіндегі аз байытылған уранның 1 200 килограмын Түркияға жіберуге келіскен болатын.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Теһран әлгі келісім жөнінде Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке ресми хат жолдамақ. Ядролық отынды айырбастау келісіміне қарамастан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Иранға қарсы қосымша санкция енгізу жөніндегі қарардың жобасын әзірледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG