Accessibility links

Үндістанда ұшақ апатынан 8 адам аман қалды


Үндістанның ресми өкілдерінің хабарлауынша, елдің Мангалор қаласындағы ұшақ апатынан 8 адам аман қалып, 158 адам қаза тапқан.

Сенбі күні Дубайдан аттанған Боинг-737-800 ұшағы Үндістанның батысындағы әуежайда жерге қона берген кезінде апатқа ұшыраған. Air India компаниясының мәлімдеуінше, ұшқыш британиялық серб азаматы болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG