Accessibility links

Клинтонның Қытайға сапары жалғасып жатыр


Қытай мен АҚШ экономикалық тұрақтылық пен ғаламдық қаржы дағдарысына байланысты үйлестіру саясатын күшейтуі тиіс. Бұл туралы Қытай қаржы министрі Се Сюйжэнь Бейжіңде АҚШ ресми өкілдерімен кездесуінің алдында мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон дүйсенбі күнгі келіссөздерде Қытай билігін АҚШ-пен экономикалық байланыстары тепе-теңдігін дамытуға шақыратынын хабарлады. Сенбі күні Шанхайда сөйлеген сөзінде Клинтон дүниежүзілік дағдарыстарды шешуде Қытай мен АҚШ ынтымақтастығы өте маңызды деп атап көрсетті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Шанхайдан кейін Бейжіңге аттанды.
XS
SM
MD
LG