Accessibility links

British Airways бес күндік наразылық шеруін бастады


Бүгін британдық British Airways компаниясы бес күндік наразылық шеруін бастады.

ВА борт қызметкерлерінің құқын қорғаушы Unite кәсіподағының жетекшілері, компания қызметкерлеріне бонустар қайтарылса наразылық шарасын тоқтатуға келісім берді.

British Airways пен Unite кәсіподағы арасындағы келіссөздер жексенбі күні тоқтатылды.

Наразылық білдірушілер компания басшылығынан алыс рейске ұшатын лайнерлердің экипаж құрамын азайту мен қызметкерлер айлығын алдағы екі жылға ұстап қалу туралы шешімін өзгертуді талап етіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG