Accessibility links

Сеул Пхеньянмен сауда-саттық байланысын тоқтатты


Оңтүстік Кореяның «Чхонан» корветінің апатынан кейін Сеул Пхеньянмен барлық сауда-саттық байланысын тоқтатып, Солтүстік Кореяға қатысты теңіз қатынастарын да доғарды. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак мәлімдеді.

26 наурызда Оңтүстік Кореялық «Чхонан» корветінде жарылыс болып, 46 теңізші қаза тапты. Тексеру барысында жарылыстың Солтүстік Корея әскерінің торпедалық шабуылынан болғандығы анықталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG