Accessibility links

Депутаттар «Ұлттық спорт түрлері туралы» заң қабылдауды ұсынды


"Қазақстандағы ұлттық спорт пен туризмді дамыту мақсатында "Ұлттық спорт түрлері туралы" заң қабылдану керек" дейді депутат Нұрлан Өнербаев. Ол осыған сәйкес парламент мәжілісінің жалпы отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.

"Біз ата-бабадан қалған асыл мұраның ұрпақ санасынан өшіп қалмауына қолдау көрсетіп, Қазақстанда туризм саласын дамытуда, алыс-жақын шетелдерге осындай ұлттық құндылықтарымыз арқылы танылуға ат салысуымыз керек", - деді депутат Нұрлан Өнербаев.

Осыған орай депутат, біріншіден, "Нұра" ауылында республика бойынша Құсбегілердің арнайы мектебі ашылып, ғылыми -зерттеу орталығын құруды, екіншіден, шет елдерді қоспағанда, республика аумағында түрлі мәдени -спорттық шараларға қатысу үшін ұшақта, пойызда, автокөлікте қыран құстарды алып жүру өте қиын, сол себептен оларды тасымалдау ережесі, оның төлем ақы тарифі, тәртібін бекіту және «Ұлттық спорт түрлері туралы» заң қабылдануы тиіс екендігін жеткізді.
XS
SM
MD
LG