Accessibility links

Сөз сөйлеп жатқан Ахмадинежадқа бір топ адам кедергі жасады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад елдің оңтүстік-батысында мәлімдеме жасап жатқан кезінде наразылық танытушылар оған кедергі жасады. Дүйсенбі күні Хоррамшахр қаласындағы халық алдында сөз сөйлеп жатқан Ахмадинежадқа бір топ адам "біз жұмыссызбыз!" деп айқайлай бастады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Иранда жұмыссыздық деңгейі 25 пайыз шамасында. Бірақ елдің нашар экономикасына байланысты қоғам жиі наразылық танытпайды.
XS
SM
MD
LG