Accessibility links

Израиль президенті Оңтүстік Африкаға ядролық қару ұсынбадым дейді


Израиль президенті Шимон Перес 1975 жылы қорғаныс министрі болып тұрған кезінде Оңтүстік Африкаға ядролық оқтұмсықтарды ұсынды деген хабарды президент кеңсесі жоққа шығарды. Перестің баспасөз хатшысы Аелет Фриштің мәлімдеуінше, Израиль мен Оңтүстік Африка арасында ядролық қару келісімі туралы келіссөздер ешқашан болмаған.

Дүйсенбі күні Британияның Guardian газеті құпиясы ашылған Оңтүстік Африкалық құжаттарды жариялады. Оған сәйкес, Израиль Оңтүстік Африканың бұрынғы апартеид билігіне ядролық оқтұмсықтарды сатуды ұсынған. Әлгі құжаттарда 1975 жылы екі елдің жоғары лауазымды ресми өкілдері құпия жағдайда кездесіп, Израилдің сол кездегі қорғаныс министрі қазіргі президенті Шимон Перес Оңтүстік Африкаға ядролық қаруларды ұсынған делінген.

Израиль өзінде ядролық қарулардың барлығын ешқашан мойындамаған, жоққа да шығармаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG