Accessibility links

Иран ядролық келісім туралы МАГАТЭ-ге мәлімет бермек


Иранның атом энергиясы бойынша ұйымы бүгін кешке халықаралық агенттікті ядролық отынды айырбастау келісімі туралы хабардар ететінін мәлімдеді.

Өткен аптада Бразилия мен Түркияның арағайындығымен жасалған келісімге сәйкес, Иран Теһрандағы зерттеу реакторын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін өзіндегі аз байытылған уранның 1 200 килограмын Түркияға жіберуге келіскен болатын.

Ядролық отынды айырбастау келісіміне қарамастан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Иранға қосымша санкция енгізу жөніндегі қарардың жобасын әзірледі.
XS
SM
MD
LG