Accessibility links

Неге керек? (Эмоциясыз әңгіме)


Миллиард қытайда арлы адам – шенеунік. Б.з.д. ІХ ғ. емтихан алу басталды. Билік емтиханмен жасақтала бастапты. Шіріген бай, cіңірі шыққан кедей тең қатысады. 3 пайызы билікке барады. Мазмұны – өзіңе дейін (б.з.д. 9-8 ғ.ғ.) жазылған рухани трактаттарды жатқа білу. «Ең қор билеуші – халық менсінбеген патша. Патша халық өмірін (шаруа күркесін, ондағы тер исін) жүрегімен сүйсін».

Шендісі де, шерлісі де төбесіне тұтқан Конфуций осындай мемлекет ожданын «Өлең кітабынан» алыпты. Қара өлеңдер (б.з.д. Х ғ.). Қайран қаласыз...

Қарлығаш көрдім, төбемнен ұшты,

Құлағыма дауыстары естіледі.

Қайтқан құсқа қарап тұрып қалыппын,

Мүмкін енді көрмеспін, жүрегім мұнда қалғысы жоқ,

Сол қарлығаш менің қашқан жүрегім шығар...

немесе

Шаттық кернеп кенет менің кеудемді,

Ағып жатқан өзенге көп қараппын.

Жағада ұйықтап жатыр замандас,

Соған қарап көзімнен тарам-тарам жас ақты.

«Өлең кітабы» осынша мөлдір. Мұндай ел болымсыз жамандықты да өткір қабылдайды. Мұндай халық ар аясында ғана өмір сүруі керек. Сондықтан интеллектуалды жарыста, ар бәсекесінде жұрттан шенеунік биік шығуы тиіс. Онсыз жамандық тереңдейді. Конфуций 4 «Асыл іс» ойлады: Тәртіп (ли). Адалдықтан шығады. Ізгілік (дэ). Ұрлықтан ада ниет. Адамшылық (жэнь). Яғни, ұят. Сосын – ұмытпау (ван). Бұл үшеуін ұмытпау. Бары - осы.

Қытай байырғы ел. Ары да аса қарапайым. Адамшылық қашан да қарапайым. Қытайдың қанқұйлы ісі де жетеді. Бірақ бұл күнде олардың мемлекет басқарудағы қолдың тазалығы дәстүрлеріне жеткен ел аз. Авторитаризм ожданмен ғана өзін-өзі ақтайды. Қытай коммунизм жұмбағын да шешті. Онда ар жүйесі жоқ екен! Мақсат – капитализмді құлату, социализм орнату ғана. 1979 ж. Қытай Конфуцийге ресми түрде оралды. 8 асыл іс пен 8 қара ниетті жариялады. Қытайдың досы - Отанға махаббат, адал қызмет, ғылымға құмарлық, еңбекқорлық, кедейге көмек, қолы тазалық, мақсаткерлік, заң бұзбау. Қытайдың қасы - мемлекет дүниесін ұрлау, сатқындық, надандық, жалқаулық, өзімшілдік, әділетсіздік, бас пайдасын алға шығару, заң бұзу (оларға қарсы өлім жазасын да қолданады, биыл мамырда ҚХР сауда министрлігінің экс-инспекторы Го Цзинъиді 1 млн доллар пара алғаны үшін, біздің ...гейттен аз, атып тастады).

Өз сиқымыз еске түсті. Адамгершілік қашанда қарапайым. Арсыздық түсініксіз. «Қазақстандық жол», «Еуразия идеясы», «Қазақстандық ұлт», «Ұлт көшбасшысы». Жемқор аппарат, жағымпаз жүйе, ғылымсыз өндіріс, заңсыздық, салақтық (Қызылағаш). Осыған бөгіп отырып, ең басты сұраққа жауап берілген жоқ. Елбасы мәртебесі не үшін берілді? Миллиондаған жастар үйсіз жүр, өмірі сатып ала алмайды. Халық Еуропаның 20 жыл өтіп, жарамсыз деген қаңсық көліктерін мінуге қолы жетіп – мәз. Қазақстан электроника алыбына айналған жоқ. Қытайдың... қытай емес, қарапайым ар қағидаларына салсақ, бізде әлі мемлекет жасалған жоқ. Онда мәртебе неге керек? Неме керек?!

kondihul@yandex.kz
XS
SM
MD
LG