Accessibility links

Ресейдің экс-премьері: Ходорковский ісінің саяси астары бар


Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьяновтың айтуынша, Кремль мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийді қамауға алуды бұйырған себебі Ходорковский оппозициялық партияларды қаржыландыру арқылы сол кездегі президент Владимир Путинді ашуландырған. Бұл туралы Касьянов дүйсенбі күні Мәскеудегі сотта мәлімдеді. Касьяновтың айтуынша, Путин оған "ЮКОС" компаниясының басшылары Ходорковский мен Платон Лебедев Ресейдің Коммунистік партиясына қаржы бергені үшін 2003 жылы тұтқындалды деген.

Қазіргі оппозиция жетекшісі Касьянов Азаттық радиосының орыс қызметіне былай деп хабарлады:

"Мен бұл соттың саяси астары бар екеніне және бұрынғы ЮКОС басшыларына тағылған айыптардың негізсіз екенін растау үшін дәлелдерді келтірдім".

Ресей билігі Ходорковский ісінің саяси астары бар деген айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG