Accessibility links

Ауғанстанда зорлық-зомбылықтан 8 адам қаза болды


Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, елдегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен кемінде 8 қарапайым азамат мерт болған.

Дүйсенбі күні елдің батысындағы Фарах өлкесінде бір автобус жарылып, кемінде 5 адам қаза тапқан. Ал жексенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Фаряб өлкесінде жасалған бірнеше шабуылдан 3 қарапайым азамат, олардың ішінде бір бала қаза болып, үш кісі жарақат алған. Тағы төрт адам із-түссіз жоғалып кетті деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG