Accessibility links

Ирақта жаңадан сайланған депутатты атып кетті


Ирақта белгілі саясат қайраткерін өлтіріп кетті.

Елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында белгісіз біреулер Башар Хамид әл-Грайдиге оқ атқан. Марқұм жақында өткен парламент сайлауында экс-премьер Ийяд Алауи басқаратын «Әл-Ирақия» қоғамдық блогының атынан сайланған еді.

Ирақ сүнниттерінің басым қолдауына ие болған бұл блок сайлауда бірінші орын алды. Сайлауға екі жарым ай өтсе де елде жаңа үкімет жасақтау туралы келіссөздер жүріп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG